Created: 03 Сәуiр 2019
1541

«Экономика және менеджмент» кафедрасының тарихы

 

«Экономика және менеджмент» кафедрасының тарихы  Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің «Экономика факультетінің» негізінде 1998 жылдан бастау алды. Ол кезде кафедра «Арнайы эконмикалық пәндер» болып аталып, «Экономика» және «Қаржы» мамандықтары бойынша білім берді. 

 2001-2002 оқу жылдары «Экономика факультетінің» деканы болып Кайрлиева Гаухар Ермекқалиқызы тағайындалды. Осы жылдары еңбек еткен елеулі оқытушылар Тастемиров Асқар Ғұмарұлы,  Хабибуллина Нурия Хаджиевна, Рустенова Эльвира Амангелдіқызы, Окунева Валентина Николаевна ұстаздарды атап кеткен жөн. . 

2005 жылы «Арнайы пәндер» кафедрасының меңгерушісі болып Камиева Алмагүл Ақболатқызы тағайындалды. Бұл кезде экономикалық факультет құрамына «Есеп және қаржы» және «Экономика және басқару» кафедралар кірді.

2013 жылдан бастап кафедра меңгерушісі  болып э.ғ.к., доцент, ҚР Халықаралық Ақпараттандыру академиясының академигі, РФ РЖА профессоры Искаков Санимжан Ербозымұлы қызмет етіп келеді.

Кафедрада қазіргі таңда штат бойынша 48 адам қызмет етеді. Оның ішінде 5 профессор, 20 доцент, 18 аға оқытушылар құрайды.

«Экономика және менеджмент» кафедрасы келесі мамандықтар түрлері бойынша қазақ және орыс тілдерінде мамандарды даярлау жүзеге асырылады:

 5В050800 «Есеп және аудит»;

5В050900 «Қаржы»;

5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару»;

5В050700 «Менеджмент»;

5В050600 «Экономика»;

5В090800 «Бағалау».

Сонымен қатар 6М050600 «Экономика» мамандығы бойынша магистратураға түсу мүмкіндігі ашылды. Ғылыми- педагогикалық магистратура 2 жыл, ал профильді бағыттағы магистратура 1 жыл оқытылады. Кафедра оқытушылары ғылыми зерттеулердің бастапқы сатысына қатысып, студенттер мен магистранттардың ғылыми- зерттеулеріне жетекшілік етеді. Алғашқы жылдары кафедрада «Қаржыгер», «Экономист» ғылыми студенттік үйірмелер ашылып, қызмет етті.  Білім алу үрдісіндегі оқу процесінің сапасын арттырудың күрделі өзекті мәселелері талқыланатын әдістемелік семинар отырыстары тұрақты түрде өткізіліп отырады.

Қазіргі таңда кафедрада «KazMarket» атты ұйірме жұмыс жасайды. Ол студенттердің ғылыми қызығушылығын арттырып, түрлі сайыстарға дайындайды. Сонымен қатар, студенттер түрлі шаралар ұйымдастырады.