Created: 01 Қараша 2022
538

Әлеуметтік-тәрбие жұмысы бөлімі

Тургалиева Элмира Маликовна

Әлеуметтік-тәрбие жұмыстар жөніндегі проректор

Мәншүк Мәметова көшесі, 81, Корпус И, 38 кабинет

+7 707 993 2904

Әлеуметтік - тәрбие жұмысы бөлімі

Әлеуметтік-тәрбие жұмысы  бөлімінің мақсаты - жоғары оқу орны мен студенттердің тәрбие жұмысын үйлестіру мен әлеуметтік сұрақтарды шешу, жастардың бойында азаматтық, патриоттық, рухани-адамгершілік құндылықтарды дамыта отырып, жоғары кәсіби мәдениетті, заман талабына сай, бәсекеге қабілетті маман тұлға қалыптастыру, мемлекеттік жастар саясатын насихаттау, студенттердің қоғамдық жұмыстарға белсене қатысуына бағыт-бағдар беру.

 

Әлеуметтік-тәрбие жұмысы  бөлімі қызметінің негізгі бағыттары:

- университетте ҚР мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру;
- ел азаматтарының татулығын, келісімі мен бірлігін насихаттау, студенттерді толеранттылыққа, өзге халықтардың салт-дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру, салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау және жастардың отанға деген патриоттық сезімін нығайту;
- студенттік ортада кері діни ағымдар идеяларының және діни экстремизм және терроризмнің таралуының алдын алу жұмыстары;
- студент жастардың әлеуметтік-тұрмыстық, психологиялық мәселелерін шешуге ат салысу;
- интелектуалды, мәдениетті тұлға қалыптастыруға, адамгершілік-этикалық және дене тәрбиесі бағытында дамуға жағдай жасау;
- университеттегі тәрбие жұмыстарының әдістемелік негізін қалыптастыру;
- еліміздің өзге өңірлерінен келген студенттерді тұрғын үймен қамтамасыз ету, бірінші кезекте жатақханаларда орналастыру бойынша жұмысты үйлестіру;
- халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан студенттерді ЖОО мен қоғамдық өмірге белсенділікке тарту;
- студенттер арасындағы діни экстремизм, құқықбұзушылық, жемқорлық сипатындағы жағымсыз көріністердің алдын алу бойынша іс-шараларды өткізуге ат салысу;
- студенттер мен профессор-оқытушылар құрамымен танымдық-зияткерлік деңгейін көтеру жайлы аналитикалық-ақпараттық материалдар дайындау;
- университеттегі тәрбие жұмысын ұйымдастыруды жетілдіру бойынша:
- мемлекеттік тіл саясатын қолдау, түсіндіру;
- ұлтаралық келісімді насихаттау;
- адами құндылықтар жүйесін қалыптастыру;
- студенттер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу;
- профессор-оқытушылар құрамының студенттермен тәрбие жұмыстарын жүргізген кездегі белсенділігін анықтау тұрғысынан ретроспективалы талдау жүргізу;
- қоғамдық студенттік ұйымдарға әдістемелік және ұйымдастыру тұрғысынан көмек көрсету;
- студент жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру;
- қалалық, облыстық әкімшілікпен, басқармалармен, өзге де бастамашыл ұйымдармен байланыс орнату;
- жатақханада тұратын студенттермен аудиториядан тыс тәрбиелік және қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру, студенттерге тұрғын үй және тұрмыстық мәселелерді шешуге көмек көрсету.

 

Қызметтері

- ҚР қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына сәйкес тәрбие жұмысын жоспарлау және бақылау, ақпараттық-ұйымдастырушылық қамтамасыз ету және оны университетте жүзеге асыру;
- жоспарға сәйкес тәрбие жұмысының барлық бағыттары бойынша университетішілік іс-шаралар өткізу;
- студенттік ортада құқық бұзушылықты алдын алу бойынша қызметтер, атап айтқанда темекі тарту, АҚТҚ-инфекция, есірткінің таратылуы, т.б. алдын алу шаралары бойынша жұмыстар ұйымдастыру;
- университет бойынша патриоттық, азаматтық, экологиялық тәрбиені, жоғары мораль мен адамгершілікті, құқықтық мәдениетті, конфессияаралық төзімділікті қалыптастыруға, сондай-ақ жан-жақты мүдделері мен қабілеттерін дамытуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
- өзін-өзі көрсете алатын, өзін-өзі дамыта алатын, шығармашылық қабілеті жоғары, жауапкершілікті сезінетін және қоғамға пайда әкелгісі келетін әлеуметтік құзыретті тұлғаны қалыптастыру;
- тәрбие жұмысына қатысты тақырыптар бойынша семинарлар, тренингтер, конференциялар, кездесулер, ашық дәрістер, т.б., ұйымдастыруға ықпал ету;
- университеттегі қоғамдық тәртіпті, жатаханада тұру ережелерін, ішкі тәртіп бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыстар мен бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру.