Кафедра оқытушылары қоғамдық-саяси және әлеуметтік-мәдени мәселелер аясында айтарлықтай ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Кафедра қызметкерлерінің ғылыми жұмыстары мен мақалалары отандық және шетелдердің басылымдары, республикалық және халықаралық ғылыми еңбектер жинақтарында кеңінен жарияланады.
Кафедра оқытушылардың біліктілігін жоғарылатуға аса маңызды көңіл аударады. Әр жылы кафедра оқытушылары біліктілігін жоғарылату орталығында әр-түрлі бағытта өткізілетін курстарын тыңдайды.
Ағымдағы жылдың 30-31 қазан Алматы қаласында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Түркия Республикасының Гази Университетімен және Түркі тарихы қауымдастығымен біріге отырып, 2 кезеңнен тұратын «Ғасырлар тоғысқандағы Алаш идеялары» атты «Алаш» партиясы мен «Алашорда» үкіметінің 100 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференцияға кафедрамыздың оқытушысы тарих ғылымдарының магистрі Қайыржанов Құрманғазы Бекболатович сырттай қатысып, «Алаш қайраткері Бижанғали Жанқадамов» атты мақаласы конференция жинағында жарық көрді.
2017 жылдың 15 қарашада Облыстық қазақ драма театрында «Дін және ұлттық тарих» тақырыбындағы республикалық ғылыми-практикалық конференцияға кафедра оқытушылары қатысып, Исагалиев С.Т. «Экстремизм ұғымы, белгілері мен сипаттары және онымен күрестегі шетел тәжірибесі» тақырыбында баяндама жасаса, Кайыржанов К.Б. «Батыс өңіріне шоғырланған діни бірлестіктер тарихы» атты баяндама жасады. Кейін аталмыш шараға байланысты конференция жинағында оқытушылардың мақалалары жарық көрді.
2017 жылдың 24 қарашасында Астанада қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің ұйымдастыруымен өткен «Алаш қазақтың ұлттық тұтастық идеясы» атты халықаралық ғылыми – тәжірбиелік конференцияға КАЗИИТУ ғылыми - білім кешенінің қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушылары Г.Е. Рамазанова, Т.Қ. Габделова және Қ.Б.Қайыржанов өз баяндамаларымен қатысып, сертификаттарымен марапатталды. Тарих ғылымдарының магистрлері Г.Е. Рамазанова «Алаш және рухани жаңғыру» атты секция жұмыстарында «Алаш арманы – Тәуелсіз Қазақ елі» және Т.Қ. Габделова «Мәңгілік ел – Тәуелсіздік мұраты», Қайыржанов Қ.Б. «Батыс Алашорда қайраткері Бижан Жанқадамов» атты баяндамаларымен қатысты.
Бостандық жолында құрбан болған Алаш арыстарының еңбегімен, олардың бастан кешкен қиыншылықтарын жас ұрпаққа ұғындыру мақсатында 2017 жылдың 27 қараша күні Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының конференция залында «Алаш қозғалысы және Алашорда үкіметінің тарихи деректері» атты тақырыптық конференция өтті. Аталған такырыптық конференция Алаштың 100 жылдық мерейтой аясында облыс және қала көлемінде өткізілген шараларды қорытындылау және қандай тың тарихи деректердің табылғаны жөнінде оқырмандарды құлағдар ету және жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатын көздеген болатын. Шараға тарих ғылымының кандидаттары Д.Д.Сүлейменова, Б.С. Боранбаева, КАЗИИТУ ғылыми- білім кешенінің қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушылары Г.Е. Рамазанова, Т.Қ. Габделова және аталған білім ордасының 1 курс студенттері қатысты.
Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті ұйымдастырған 2017 жылдың 8 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған «Тәуелсіздік құндылықтары: Өткенге тағзым, болашаққа аманат» атты республикалық ғылыми - тәжірбиелік конференцияның өтуіне бірден-бір ат салысып «Алаш тағылымы және Тәуелсіздік» секциялық жұмысында кафедра оқытушалары өз баяндамаларын оқыды.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған Университет кітапханасында ұйымдастырылған шарада кафедра оқытушысы Рамазанова Г.Е. «Кемеңгер тұлға Н.Ә.Назарбаев» атты баяндама оқыды.
2017 жылдың 20 желтоқсанда Батыс Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының және тарих және археология орталықтарының ұйымдастыруымен тарихи археологиялық ескерткіштерді сақтау және қорғау мәселелерін мақсат еткен халықыралық ғылыми - тәжірбиелік конференция оздырылды. «Ресей мен Қазақстанның шекаралас аймақтарының мәдени мұрасы» атты конференция жұмысында Ақтөбе қаласының, Орынбор мемлкеттік университетінің, Батыс Қазақстан облысының музей меңгерушілері, облысымыздың жоғары оқу орындарының тарихшы ғалымдары, тарих және археология орталықтағының ғылыми қызметкерлері мен археологтары қатысып, екі ел шекарасында қараусыз қалған тарихи жәдігерлерді мемлекет тарапынан қорғауға алу туралы тың ғылыми бастамаларды жүзеге асыру жөнінде ойларымен бөлісіп, нақты ұсыныстар қабылдады. ҚазИИТУ ғылыми – білім кешенінің «Қоғамдық гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушылары З.Т.Кенисариева, Г.Е.Рамазанова, Ж.С.Гумарова, Р.Ж.Жанғалиев, Қ.Б.Қайыржанов өз баяндамаларымен қатысты. Осы конференцияға «Қазақстан мен Ресей мемлкеттерінің дипломатиясына 25 жыл» атты мақала жазылып, ғылыми жинақта жарық көрді.