Created: 12 Ақпан 2019
1415

Кафедраның оқу-әдістемелік жұмысы


 

Университеттің барлық мамандықтарының студенттеріне кафедра оқытушыларымен «Қазақстанның қазіргі заман тарихы», «Әлеуметтану», «Философия», «Саясаттану», «Дінтану», «Дене шынықтыру», «Еуразияшылдық: теориясы мен практикасы», «Өлкетану», «Кәсіби қазақ тілі», «Кәсіби орыс тілі», «Кәсіби шетел тілі» пәндері және «Аударма ісі» мамандығы бойынша бірнеше арнайы пәндер сабақ беріледі.

Кредиттік жүйеге өтуге байланысты  барлық пәндер силлабуспен және  оқу-әдістемелік кешендерімен қамтамасыз етілген. Мемлекеттік стандарттарғасәйкес жыл басында барлық мамандықтардың жалпы және арнайы курстардың жүктемелері бекітіледі, пәндердің типтік бағдарламалары жаңартылады, оқу, оқу-әдістемелік құралдар жарық көреді.

Кафедрадағы әдістемелік жұмыс барлық пәндер бойынша толық материалдармен қамтамасыз етуге бағытталған. Кафедра оқытушылары оқу-әдістемелік құралдар шығарып, кәсіби деңгейлерін жетілдіріп келеді.

 

 

Тілдерді оқыту барысында қазіргі заманның өзекті мәселесі ретінде студенттер бойында өз ана тіліне деген ұлттық құндылық және өзге тілдерге мәдениетаралық қарым-қатынасты қалыптастыру қарастырылған. Сабақ барысында жаңа педагогикалық технологиялар мен оқытудың интерактивті әдістері қолданылады. Бұл бағытта кафедра оқытушылары тілдерді оқыту әдістерін жетілдіріп, компьютерлік және оқыту бағдарламаларын, іскери және танымдық ойындарды, оқу пікірталастарын, проблемалы жағдаяттарды шығармашылықпен пайдаланып келеді. Өз жұмысында оқытушылар  тұлғаға бағытталған оқыту, «кері байланыс» түрлерін, тренингтер арқылы оқыту, «миға шабуыл», дидактикалық және рольдік ойындар түрлерін белсенді пайдалануда.

Оқытушылар тілдерді оқыту әдістерін үнемі жетілдіріп отырады, іскери ойындарды, жобалау әдістерін пайдалана отырып, инновациялық тәсілдерді қолданады.

 

2017-2018 оқу жылының І-жартыжылдығында жоспарға сай 3 ашық сабақ өткізілген болатын. Сабақтардың басым көпшілігі оқытудың жаңа технологияларды және интерактивті тақтаны қолдану арқылы өткізілді.

 

  1. Самиголла Н.А. 07/12/2017 - «Speaking skills activities». Ю-142.
  2. Тюляпова Г.Д. 29/11/2017 – «Kazakhstan is my Motherland». АУ, РЭТ, ЭКО, БЖД, Д (орыс топтары)
  3. Атаева А.К. 13/11/2017 – «Functions of money». Э, ГМУ, Мен, Ф.

 

Кафедра оқытушылары жыл сайын өздерінің ғылыми-зерттеу тақырыптары шеңберінде педагогикалық жұмыстарын ұйымдастырады.

Жыл сайын кафедра оқытушылары әр түрлі ашық инновациялық сабақтар өткізіп, тәжірибесін ортаға салады.

Барлық сабақтар жоспарланған кестеге сай өткізілуде, сабақ талдаулары өзара сабаққа қатысу жорналына жазылады. Сабақ тақырыптары мен өткізілген уақыттары оқу жұмыс бағдарламасына толық сәйкес келеді. Сабақтар құрылымы оның әдістемелік мазмұнын ашады. Ашық сабақ өткізудің әдіс-тәсілдері сан алуан: сыни тұрғыдан ойлау элементтерін пайдалану, жобалық әдіс, Сase-study әдісі, сұхбат әдісі, интерактивті әдіс, рольдік ойын, шеберлік сабағы, дөңгелек үстел сабағы, мәселе тудырып оқыту, пікірталас, кері байланыс әдісі т.б. 

2017-2018 оқу жылынын жартыжылдық қорытындысы бойынша әдістемелік жұмыстар жоспар бойынша мерзімді орындалып, кафедра оқытушыларының арасында тәжірибе алмасу белсенді жүріп отырды.

Өзара сабақтарға қатысу барысында оқыту үрдісінде қолданылған дәстүрлі әдіс-тәсілдер мен жаңа технологиялардың әлсіз және тиімді тұстары баса көрсетіліп, талқыланып отырылды. Ерекше назар тек кафедра оқытушыларының сабақтары мен түрлі бағытта өткізілген шараларына қатысу ғана емес, сонымен қатар университеттің басқа да оқытушыларымен тәжірибе алмасуына да көңіл аударылды. Жалпы кафедрадағы әдістемелік жұмыс кафедрада бекітілген пәндерді оқытуды жетілдіруге, оқу үдерісін оңтайландыруға, белсенділікті арттыруға, әдістемелік қамтамасыз етілуін жақсартуға, профессорлық-оқытушылық құрамның педагогикалық біліктілігін арттыруға бағытталған.