Created: 12 Ақпан 2019
1707

Кафедраның тәрбие жұмыстары


Тәрбие мәртебесін көтеруді көздейтін бағдарлама университет алдына жүктейтін міндеттерді, мақсатын, ұстанымдарды өзінің айқындығымен, нақтылығымен жандандыра түседі. «Қоғамдық-гуманитарлық пәндер» кафедрасы студенттерге білім берумен қатар, тәрбие жұмыстарын  да жүргізді. Елбасының әр жылғы Жолдауларында жастарға көп көңіл бөлінген. Сондықтан, қоғам талабына сай сол қоғамды көркейтетін, дамытатын жастарды тәрбиелеу алға қойылған үлкен  мақсат. Тәрбие жұмыстары жыл сайын  төмендегідей 8 бағытбойынша жүзеге асырылды. - Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие,құқықтық тәрбие, рухани-адамгершілік тәрбие, ұлттық тәрбие, отбасы тәрбиесі,  еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбие, көпмәдениетті көркем-эстетикалық тәрбие, дене тәрбиесі, салауатты өмір салты сынды бағытта белсенді жұмыс атқарып келеді. Барлық осы бағыттар тығыз өзара байланысты,  бірін-бірі толықтырады және негіздейді. Жүйелі әдістеріне сәйкес кафедраның тәрбие жұмысы оқу және оқудан тыс қызметтері бірлікте жүзеге асырылады,. Кафедрада оқудан тыс тәрбие жұмыстары барлық ПОҚ арқылы жүргізіледі, студенттердің шығармашылық үйірмелер «Сөз құдіреті», «Эрудит», «English club» оған қоса университеттің дәстүрлі іс-шаралар мен кездесулер, сондай-ақ халықаралық, республикалық, аймақтық және жоғары оқу орны бар атаулы күндерге және оқиғаларға арналған іс-шаралар арқылы жүзеге асырылады.

 

Кафедрада студенттерді рухани, патриоттық және азаматтық тәрбиеге ерекше маңыздылығы және көңілі беріледі, бұл кафедраның тәрбие жұмысы жоспарында көрсетіліп және студенттердің нақты іс-әрекет түрлерінде ұсынылды, оның ішінде:

 

  • студенттердің рухани-адамгершілік және патриоттық қозғалысында қатысуы: «Дін және дәстүр», «Діни экстремизм және олармен күрес», «Туған жер», «Мен өз елімнің патриотымын», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі», «Терроризм қоғамға қауіпті» және т.б.;
  • студенттердің ұлттық-рухани және патриоттық қозғалысында қатысуы: «Бүгінгі студент-ертенгі елдің тірегі», «Тұңғыш Президент», «Желтоқсан жаңғырығы», «Наурыз», «Республика күні», «Қала күні» және т.б.;
  • студенттердің экологиялық қызметіне қатысу: «Жасыл Жер», «Таза қала үшін» және т.б.
  • Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша іс-шараларға қатысу: «Денсаулық күні», «СПИД-ауруларын алдын алу», «Дені саудың тәні сау» және т.б.;

 

Студенттердің құқықтық тәрбиесі бойынша іс-шараларға қатысу: «Конституция күні», «Білім күні», «Сенің құқығың», «тәртіп бұзушылықты болдырмау» және т.б. Тәрбие жұмысын ұйымдастыру кезінде студенттердің қызметін ынталандыру мәселеліріне ерекше көңіл бөлінеді, оның нәтижелерін бағалауды, бұл көтермелеулер мен марапаттауларды білдіреді. Оқу жылы барысында білім алушылар тәрбиелік белсенділіктерін арттыру мақсатында түрлі дөңгелек үстелдер, кездесулер, әңгіме сағаттары өткізіледі. Ұйымдастырылған іс-шараларға университеттің барлық факультетінің білім алушылары белсене қатысады.

 

 

Әр оқу жылының басында 22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдері мерекесіне орай тілдік апталықтар, онкүндіктер өткізу игі дәстүрге айналды. Мереке аясында университетімізде алуан түрлі тәрбиелік, дамытушылық шаралар өткізіледі.

 

Кафедраның дене шынықтыру пәнінің оқытушылары дәстүрге айналған «Денсаулық күніне» орай өткізілетін көңілді старт жарысын ұйымдастырады.

ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай кафедраның дене шынықтыру пәнінің оқытушыларының ұйымдастыруымен спартакиада ұйымдастырылды.

 

Кафедрада оқудан тыс тәрбие жұмыстары барлық ПОҚ арқылы жүргізіледі. Сонымен қатар кафедра оқытушыларының жетекшілігімен үш суденттік үйірме  жұмыс істейді. Атап айтсақ  «Сөз құдіреті», «Эрудит», «English club», «Воллейбол». Студенттік үйірмелердің басты мақсаты: студенттердің уақытын тиімді пайдалануға дағдыландыру, үш тілді игеруге көмектесу, шығармашылық қабілеттерін шыңдау.

 

Халықаралық студенттер күніне орай өткізілген «Ханзада мен ханшайым» сайысының үміткерлері.

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу БІРЫҢҒАЙ САҒАТЫ» атты кураорлық сағат.

«Аударма ісі» мамандығының студенттеріне кураторлық сағаттар өткізіліп отырады

 

Кафедра оқытушылары «Нұр-Отан» партиясына партиялық мүшелікке қабылданды.