Created: 08 Маусым 2024
656
{full_name}АЙМАҒАНБЕТОВА АНАРА МҰХАНБЕТҚАЛИҚЫЗЫ{/full_name}{position}ОӘЖ жөніндегі проректор{/position}{mini_info}Педагогикалық ғылымдар магистрі{/mini_info}{block}{info}{title}БІЛІМІ{/title}{content}Жоғары білімді, педагогикалық ғылымдар магистрі, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.{/content}{/info}{info}{title}ЕҢБЕК ӨТІЛІ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІ{/title}{content}Білім беру жүйесіндегі еңбек өтілі – 24 жыл. Анара Мұханбетқалиқызы – терең білімі бар, кәсіби ойлау қабілеті жоғары, шығармашылық әлеуеті мол, әдістемелік шеберлік деңгейі жоғары оқытушы. Ол жұмысында түрлі форма мен әдістерді қолданады. Оқу процесінде іс-әрекетке негізделген тәсілді іске асыра отырып, студенттердің белсенді, шығармашылық тұрғыда білімді қабылдау мәселелерін сәтті шешеді, олардың білімдік құзыреттерін дамытады. «Кәсіби орыс тілі сабақтарында портфолио әдісін қолдану» әдістемелік тақырыбы бойынша жұмыс жасайды.{/content}{/info}{info}{title}ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖЕТІСТІКТЕРІ{/title}{content}Көптеген республикалық және облыстық педагогикалық оқулардың жүлдегері. «ТжКБ жүйесіндегі инновациялар – Жоғары техникалық мектептегі инновациялар», «Білікті оқытушылар – бәсекеге қабілетті маман дайындаудың негізі», «Ақылды педагог – табысты ұрпақ», «ТжКБ ұйымдарында педагогтің кәсіби өсуін қолдау жүйесі», «Модульдік оқыту принциптері» және басқа да көптеген мақалалардың авторы. Сондай-ақ, 1309000 «Оптикалық және электрондық жабдықтар (байланыс технигі)» мамандығы бойынша «Құзыреттілікке негізделген эксперименттік модульдік оқыту бағдарламасының» және дуальды оқытуға арналған біріктірілген жұмыс бағдарламасының тең авторы болып табылады.{/content}{/info}{info}{title}КӘСІБИ БЕДЕЛІ ЖӘНЕ ЖЕКЕ ҚАСИЕТТЕРІ{/title}{content}2013 жылы облыстық байқауда «Үздік әдістемелік қызметті ұйымдастыру» бойынша III орын алғаны үшін дипломмен марапатталған, шығармашылық бастамаларды дамыту мен қолдаудағы жетістіктері үшін облыстық әдістемелік кабинетінің Алғыс хатына ие. 2014 жылы «Жылдың үздік әдіскері» облыстық байқауында I дәрежелі дипломмен марапатталып, республикалық кезеңге номинацияланған. 2015 жылы «Үздік педагог» облыстық байқауында II орынды иеленді. 2016 жылы курстық оқыту нәтижелері бойынша тыңдаушылардың портфолиосын бағалау арқылы «Кәсіпқор» Холдингінің штаттан тыс жаттықтырушысы мәртебесі берілді. 2015 жылы ТжКБ жүйесіндегі оқытушыларға арналған біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастырғаны үшін «Туран-Профи» Кәсіби академиясының ректорының Алғыс хатымен, 2016 жылы облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен, 2017 жылы ҚР БҒМ Құрмет грамотасымен марапатталған. Анара Мұханбетқалиқызы – белсенді өмірлік ұстанымы бар, өз кәсібіне ғашық педагог, шығармашыл бастамашыл тұлға, әріптестері, студенттері және ата-аналары арасында лайықты құрметке ие.{/content}{/info}{/block}