«Жалпы техникалық пәндер» кафедрасының даму тарихы»
"Жалпы техникалық пәндер" кафедрасы 2013 жылы құрылған. Кафедрамызда 6В07327 "Құрылыс", 6В07317 " Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру", 6В07319 "Жерге орналастыру", 6В07319 "Кадастр" білім беру бағдарламалары бойынша мамандар дайындайды. Жалпы техникалық пәндер кафедрасында 9 арнайы жасақталған оқу кабинеттері (Студиялық сабақтарға арналған сәулеттік бөлшектер кабинеті, Гипс фигураларықоры бар макет шеберханасының кабинеті, Жобалаудағы bim технологиясы, Құрылыс материалдары кабинеті, құрылыс жұмыстарының технологиясы және ұйымдастыру зертханасы, Жерге орналастыру және кадастр, Геодезия, Құрылыс материалдары және технологиялық процестер лабораториясы) және 4 кафедра филалдары бар ("Мемқалақұрылыскадастры" БҚО филиалы, «Батыс Қазақстан құрылыс материалдар корпарациясы» АҚ, Орал ауылшаруашылығы тәжірбие станциясы, ТОО "Стройкомбинат"). Оқыту үдерісіне басқа жоғары оқу орындарының жетекші мамандары, ұйымның жұмыс берушілері, жетекші мамандар шақырылады. Кафедра оқытушылары облыс кәсіпорындарында көшпелі сабақтар, ашық дәрістер, семинарлар, оқыту тренингтерін белсенді өткізеді. Қазіргі уақытта кафедра меңгерушісі - техника ғылымдарының магистрі, аға оқытушы – Н. Ж. Амрешов.
Жалпы техникалық пәндер кафедрасында жылға жоспарланған тәжірибеге бағытталған сабақтар, ашық сабақтар, жұмыс берушілермен кафедра филиалдарының қатысуымен дөңгелек үстелдер жоспар бойынша өтуде. Аталған жұмыстар нәтижесінде қаламыздың ірі компанияларымен келісім шарттар жасалды. ( ЖШС «Геокурс», ЖШС «Уралводпроект», «Госградкадастр», ЖШС «ПроектИнвестСтрой», ЖШС «Dream House Construction Group» , ЖШС «Адал Арна» , ЖШС Arteria).
Оқытушыларымыз Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында оқытушыларымыз Лукпанов Гайса Наушевич, Нурулина Жанар Елеубаевна, Исмагулова Салтанат Махамбетовна, Тажигулов Алмас Амантаевевич Қызылорда қаласының «Болашақ» Университетінде арнайы пәндерден дәріс сабақтарын өткізді.
Ғылыми бағыт аясында профессорлық-оқытушылық құрам мақалалары ғылыми журналдарда, Sccopus, Коксон, РИНЦ басылымдарында мақалалар жарық көруде.
Кафедрамыздың аға оқытушысы Таудаева Айнур Амангалиевна 2024 жылы ҚР ғылым саласындағы ерекше еңбегі үшін «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды. 13.06.2025 жылы Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде диссертация кеңесінің PhD философия ғылымдарының докторы атанды.
Кафедрамыздың ак.доценті Исмагулова Салтанат Махамбетовна Қауымдастығы нысанында заңды тұлғалар бірлестігінің «Бөбек» Жалпыұлттық қозғалысының» ұйымдастырған академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған "ҒЫЛЫМНЫҢ ДАМУЫНА ҚОСҚАН ЕЛЕУЛІ ҮЛЕСІ ҮШІН" халықаралық жобасына қатысып, 1 дәрежелі диплом, қатысушы куәлігі және медалінің иегері атанды.
