Created: 05 Мамыр 2020
1044

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДА

ТЕХНИКАЛЫҚ ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫНЫҢ  СТУДЕНТТЕРІ  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІ АРАСЫНДА ӨТКІЗІЛГЕН  5В070200 – АВТОМАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША   РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАҒА  БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСТЫ.

 

АЭжБУ  2020 жылдың 23-24 сәуірінде Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері арасында 5В070200 – Автоматтандыру және басқару  мамандығы бойынша  қашықтық формада  Республикалық пәндік олимпиаданың II кезеңін өткізілді.

Республикалық пәндік олимпиада келесі пәндер бойынша өткізіледі:

1) Электротехниканың теориялық негіздері;

2) Сызықты автоматты реттеу жүйелері;

3) Бейсызықты автоматты реттеу жүйелері.

«Техникалық пәндер»  кафедрасының  аға  оқытушылары : Имангалиева А.Н мен Жамангарин Д.С. жетекшілігімен  университетіміздің   атынан  АУ-342,242  тобының   студентері: Кошакова Асель Кажумханқызы, Жайғалиев  Рустам  Ержанұлы, Аққалиев  Айбек Асылбекұлы қатысты.

Республикалық  олимпиадаға жоғары дәрежеде қатысқаны үшін   студенттер мен жетекшілерге  Ғ. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ректоры  Сагинтаева Сауле Саветовнадан  алғыс хат  берілді.

 

Студенттерімізге  жарқын  болашақ,

улкен жеңістер мен  белестерді  бағындыруды тілейміз!

 

 

   

«Техникалық пәндер» кафедрасының

аға оқытушы Тажқұран А.Е.

 

 {gallery}0-0-0/1{/gallery}