Created: 13 Наурыз 2026
10

КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ


Студенттердің және магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсының I (жоғары оқу орныішілік) кезеңі (СҒЗЖ / МҒЗЖ)
Цифрлық трансформация және жасанды интеллект басқармасы, Ғылыми бөлімімен бірге СҒЗЖ / МҒЗЖ ережелері мен ұсынымдарына сәйкес студенттер мен магистранттардың республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсының I (жоғары оқу орныішілік) кезеңі өткізілетінін хабарлайды.
Негізгі ережелер:
Мақсаты: Білім алушылардың ғылыми-зерттеу қызметін ынталандыру, дарынды жастарды анықтау және республикалық кезеңге үздік жұмыстарды іріктеу.
Қатысушылар: «ҚазИТЖУ» МеББМ бакалавриат студенттері және магистранттары (жекелей немесе авторлық ұжым құрамында).
Жұмыс мазмұны: Жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бағытындағы дербес орындалған жұмыстар.
Құжаттарды өткізу тәртібі:
Жұмыстар электронды түрде келесі құжаттармен бірге міндетті түрде ұсынылуы тиіс:
1. Ғылыми жұмыс және оның аңдатпасы.
2. Ғылыми жетекшінің жұмыстың дербестік деңгейі туралы пікірі.
3. Автор(лар) және жетекші туралы мәліметтер.
Маңызды: Рәсімдеу талаптары бұзылған немесе белгіленген мерзімнен кешіктірілген жұмыстар қабылданбайды. Үздік жұмыстар конкурстың II кезеңіне ұсынылады.
Қабылдау мерзімі: 2026 жылғы «12» наурыздан «03» сәуірге дейін (қоса алғанда).
Рәсімдеуге қойылатын талаптар:
Техникалық параметрлер: Қаріп — 14 кегль, Times New Roman; интервал — 1,5.
Жиектер: Сол жағы — 3 см, оң жағы — 1 см, жоғарғы/төменгі — 2 см; азат жол — 1,25 см.
Көлемі: 20-дан 30 бетке дейін (қосымшасыз).
Сапасы: Кескіннің біркелкілігі мен айқындылығын сақтау қажет.
Құрылымы: «МАЗМҰНЫ», «КІРІСПЕ», «ҚОРЫТЫНДЫ», «ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ», «ҚОСЫМШАЛАР» және бөлім атаулары бас әріптермен, жуан қаріппен азат жолдан нүктесіз жазылады.
Барлық білім беру бағдарламасы өкілдерінің СҒЗЖ және МҒЗЖ байқауына қатысуы міндетті болып табылады.
*Байланыс деректері:
Цифрлық трансформация және жасанды интеллект басқармасы 401– кабинет.
Омаров Акылбек Нурлыбекович: +77018492789, This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.