Семинар-тренинг

Облыстық "Көңілді Тапқырлар Клубы" ойыншыларының шеберлігін арттыру мақсатында БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігі, КазИИТУ білім кешенінің Студенттер сарайында "Әзіл жазу техникасы" тақырыбында онлайн семинар-тренинг ұйымдастырды. Семинар-тренингті өңірімізге танымалы КТК ойыншысы, Қасиет Кәрім жүргізіп, ойыншыларға әзіл жазудың өзіндік техникасын үйретті.

«БІЛІМДІЛЕР ДОДАСЫ»

Қаламызда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстан инновациялық және телекомуникациялық жүйелер университеті, БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасы және Орал қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен облысымыздың өз саласында «үздік» деп танылған 18-40 жас шамасындағы білімді, білікті жастардың басын қосқан «БІЛІМДІЛЕР ДОДАСЫ» зияткерлік сайыс оздырылды.

Облыстық "КТК" сайыстарының "Маусымашар 2021" фестивалі

Мамыр айының 3 күні Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университінің “Достық” студенттер сарайында «Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының» қолдауымен, «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ БҚО филиалы және «Ғасыр» Жастар қоғамдық бірлестігі мен КазИИТУ білім кешенінің ұйымдастыруымен Облыстық "КТК" сайыстарының "Маусымашар 2021" фестивалі өтті.

Ұлы Жеңістің 76 Көктемі құтты болсын!!

Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен Отаны үшін, келешек ұрпақ үшін қасық қаны қалғанша жанын қиған соғыс жүрді.

Қираған қала, жылаған бала, қилы тағдырлар - соғыс салған жараның бір парасы ғана...

Отарғалиев Жаханмен кездесу

  1 мамыр күні Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті мен @oraljastary ”Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстар орталығының” бірігуі арқылы танымал актер, әлеуметтік желінің тізгінін ұстаған белгілі блогер, өзіміздің жерлесіміз, "КазИИТУ" түлегі @zhahan_utargaliyev Отарғалиев Жаханмен кездесу өтті.

Карантин жүйесіне сай талаптарды ескере отыра өткізілген кездесу барысында Отарғалиев Жахан мырзаның өнердегі жолы, жетістіктері, отбасы туралы сөз қозғалды. Студенттер көкейлеріндегі сұрақтарды қойып, толық қанағаттанарлық жауап алды.