«Заманауи ғылыми технологиялар мен инновациялар: білім берудің тұрақты дамуына және көпполярлы әлемдік құрылымға үлесі»

 

Қазақстан Ғылым академиясының тұңғыш президенті, академик, Геология ғылымдары институтының негізін қалаушы Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл және Ғарышкерлер күніне орай ұйымдастырылған «Заманауи ғылыми технологиялар мен инновациялар: білім берудің тұрақты дамуына және көпполярлы әлемдік құрылымға үлесі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

{picturewrapper}{/picturewrapper}

Әскери - патриоттық шағын турнир

16.02.24ж. күні Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанының 35-жылдығы қарсаңында «КазИИТУ» ғылыми – білім кешенінің студенттері арасында Әскери дайындықтан шағын турнир оздырылды.
Турнир жастардың әскери iстi жақсы меңгеруiне, төтенше жағдайларда қорғанудың тәсiлдерi мен құралдарын дұрыс пайдалана бiлуiне ықпал ету, жылдам, әрі тез ойлану, қимылдау дағдыларын жетілдіру және студенттердің достық қарым – қатынастарын нығайту мақсатында өткізілді.
Турнирге «Ақпараттық – технологиялар мектеп – лицейі», «Халықаралық Цифрлық Технологиялар, Сәулет және құқық колледжі», «Республикалық жоғары техникалық колледжі», «Құқықтану» , «Экономика және менеджмент», «Жалпы техникалық пәндер», «Экология және тіршілік қауіпсіздік негіздері», «Техникалық пәндер» кафедрасының студенттері қатысты.
Халықаралық Цифрлық Технологиялар, Сәулет және құқық колледжінің директоры Дамир Ақсерікұлы он жылға созылған соғысқа 22 мың отандасымыз Ауғанстан жерінде азаматтық борышын өтегенін атап өтіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Турнир уақытқа АК-74 автоматты шашу – жинау, уақытқа ОЗК ( газтұмылдырық-противогаз) кию, тир ату, оқжатарды уақытқа шашу – жинау сайыстарынан тұрды.
Жылдамдыққа, ептілікке бағытталған жарыста жалпыкомандалық есеп бойынша «Ақпараттық – технологиялар мектеп – лицейі» 1 орын, «Халықаралық Цифрлық Технологиялар, Сәулет және құқық колледжі» 2 орын, ал «Құқықтану» кафедрасы 3 орынға ие болды.

«Техникалық пәндер» кафедрасының студенттерінің қашықтықтан өткізілген түрлі деңгейдегі ONLINE пәндік олимпиадаларының қортындылары!

«Техникалық пәндер» кафедрасының оқытушылық құрамының қашықтықтан өткізілген ONLINE пәндік олимпиадаларының және конфренцияларының жетістіктері!

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДА