Қ.Р. Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" атты бағдарламалық мақаласын педагогтармен білім алушылардың арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен #"Қазақстанның_үздік_тарихшысы-2021" атты республикалық байқауға қатысып жеңімпаз атанған "Қоғамдық-гуманитарлық пәндер" кафедрасының доценті, аға оқытушы, тарих пәнінің мұғалімі КЕНИСАРИЕВА ЗИЯДА ТЕМИРОВНАНЫ шын жүректен құттықтаймыз!!!
Подробнее: "Қазақстанның үздік тар...
Облыстық "Көңілді Тапқырлар Клубы" ойыншыларының шеберлігін арттыру мақсатында БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігі, КазИИТУ білім кешенінің Студенттер сарайында "Әзіл жазу техникасы" тақырыбында онлайн семинар-тренинг ұйымдастырды. Семинар-тренингті өңірімізге танымалы КТК ойыншысы, Қасиет Кәрім жүргізіп, ойыншыларға әзіл жазудың өзіндік техникасын үйретті.
Подробнее: Семинар-тренинг
Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен Отаны үшін, келешек ұрпақ үшін қасық қаны қалғанша жанын қиған соғыс жүрді. Қираған қала, жылаған бала, қилы тағдырлар - соғыс салған жараның бір парасы ғана...
Подробнее: Ұлы Жеңістің 76 Көктемі құтты болсын!!
Қаламызда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстан инновациялық және телекомуникациялық жүйелер университеті, БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасы және Орал қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен облысымыздың өз саласында «үздік» деп танылған 18-40 жас шамасындағы білімді, білікті жастардың басын қосқан «БІЛІМДІЛЕР ДОДАСЫ» зияткерлік сайыс оздырылды.
Подробнее: «БІЛІМДІЛЕР ДОДАСЫ»
Мамыр айының 3 күні Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университінің “Достық” студенттер сарайында «Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының» қолдауымен, «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ БҚО филиалы және «Ғасыр» Жастар қоғамдық бірлестігі мен КазИИТУ білім кешенінің ұйымдастыруымен Облыстық "КТК" сайыстарының "Маусымашар 2021" фестивалі өтті.
Подробнее: Облыстық "КТК" сайыстарының "Маусымашар 2021" фестивалі


